Accessibility links

Өзбекістаның Қауіпсіздік Сақтау қызметі Тәшкент жарылыстары туралы алдын-ала білгендігін теріске шығарады


1999-ыншы жылдың ақпан жарылыстарында 16 адам мерт болып, 100-ден аса адам жараланды. Тергеу жүргізген өзбек билік орындары бұл қастандықтарды Ислам асыра діншілдері оппозицияның демократиялық өкілдерімен бірлесе ұйымдастырды деп жариялады. Осы аптада Өзбекістаның Қауіпсіздік Сақтау қызметі шабуыл жасағанда айыпталып қамауда отырған бір адамды ақпарат құралдарының өкілдерімен кездестірді. Бірақ күзетшілер кете салысы мен Асқаров атты азамат, өзбек арнаулы орындары жарылыстың дайындалып жатқандығы туралы алдын ала білді,- деді.

1999 жылғы Ташкент жарылыстарынан соң, бірнше ай ішінде жүздеген адамдар қамуға алынып, кейбіріне сыртай үкім шығарылды. Өзбек тергеу орындарына сезіктілер туралы Зайнидин Асқаровтың бергін мәліметері дәлел ретінде сотта келтірілді. Асқаров Өзбекістан Ислам Қозғалысының саяси серкілерінің бірі. Асқаровтың берген мәліметеріне сай, Ташкент жарылыстарына онымен қозғалыстас Жұма Наманғани және Тахир Юлдаштармен қоса Ерк Демократиялық партиясының көсемі Мұхамет Солихта іске қатысты болып шықты, ал Асқаровтың өзі 10 жылға соталды.

Интернете 1999-ыншы жылғы оқиғаларға байланысты ресми көз қарастан басқа пікір пайда болуына жауап ретінде, өткен сәрсенбіде Өзбекістаның Қауіпсіздік Сақтау қызметі Асқаровпен сөйлесуге Би-би-си, "Америка Дауысы" және "Азаттық" радиосының тілшілерін шақырды.

Өзін күзетушілер кетіп ақпарат құралдарының өкілдерімен оңаша қалған Асқаров, өзін Өзбек Ішкі істер министрі Зокир Алматовтың алдап соқанын мәлімдеді.

"Мені Ішкі істер министрі Алматовтың өзі кеңсесіне шақырып, егер мен, Солихқа қарсы айғақтар беретін болсам және мен бұл ролді ойнап шықсам мен рахымшылыққа түсіп, ешкімде атылмай және мен тергеуден соң бостандыққа шығарылатындығым туралы уәде берді. Сондықтан мен бұл адамдарды өлімнен сақтау үшін сот алдында осылайша сөйледім."

Асқаровтың айтуынша, ол өзінің діни жетекшісі Бахром Абдуллайевпен тағыда 5 танысын құтқаруға тырысқан. Ресми орындар Абдуллаев ол уақытта абақтыда отырғанына қарамастан оныда жарылыстарға қатысты деп тапты. Асқаров ақпарат құралдарының өкілдеріне Өзбек үкіметінің 1999-ыншы жылдың 16-ыншы ақпан жарылыстарына байланысты ресми көзқарасын теріске шығарып, ресми орндар оның дайындалып жатқандығы туралы алдын ала білді, оларды Абдуллаев ескерті.,-деді.

Сондайа-ақ Асқаров, Ерктің көсемі Солихтың да, Өзбекістан Ислам Қозғалысының серкілерінің бірі Тахир Юлдаштыңда Ташкент жарылыстарына еш қатысы жоқ, бұны бұрынғы муфти Абдулла Қари ұйымдастырды, әрі оның мақсаты Кәрімовты өлтіру болатын,- деді.

Асқаровтың мәлімдемесінен соң ертеңіне Өзбекістаның Қауіпсіздік Сақтау қызметінің подполковнигі Равшан Абдуллаханов Азаттықтың Тәшкентік бөлімшесіне келіп Асқаровтың бұндай мәлімдемені неге жасағандығын түсіндірмекке тырысты.

"Егер Асқаровтың өзі есі ауысқандығы туралы айтқан болса, онда меніңше сіздердің тыңдармандар оның мәлідемелерінің қаншалықты шындыққа жанасатындығын өздері ажырата жатар."

Азаттықтың тілшісінің, Асқаровпен кездесуді кім ұйымдастырды ?-деген сауалына, Абдуллаханов миығынан күле,

"Кездесу Зайнидин Асқаровтың тілегімен ұйымдастырылды." - деді.

Сәрсенбі күні орын алған жағдайдың тудырар сауалдары көп. Бұрын соңды өзбек қауіпсіздік сақтау орындарының қызметкерлері қамауда отырғандарды шетелдік ақпарт құралдарының алдына шығарған емес, немесе сотталған адамның мәлімдемесін теріске шығару үшін білдей подполковниктың өзі келіп жуып шайған емес.
XS
SM
MD
LG