Accessibility links

Мемлекеттен ВИЧ инфекциясымен күреске 100 миллион теңге бөлінеді екен

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қазақстанда СПИД аурының алдын алу туралы заңдар күшейтілмек.Ол ВИЧ вирусын жұқтырғандарды әлеуметтік қолдауға бағытталмақ.

Желтоқсанның 2-і күні Қазақстан Парламенті Мәжілісінің заңдар және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитеті осындай мақсатты қарастыратын заң жобасын қарады.

Аталған заңға енгізілетін өзгерістерге байланысты баяндаған денсаулық сақтау министрінің орынбасары Анатолий Белоногтің айтуынша, жобада СПИД ауруларының алдын алуды және емдеуді іске асыратын ұйымдардың тізімі кеңейтілген. Бұрын ВИЧ вирусын жұқтырғандар туралы мәлімет берудің құпиялылығы және оларды беру тәртібіне кепілдік қаралмаған. Енді жаңа редакцияда бұл жәйтке қатысты азаматтардың құқығы кеңейтіліпті. Жобада азаматтарды аталған дертке байланысты міндетті тексеру нормасын алып тастау қаралған.

Анатолий Белоногтің айтуынша, бірқатар жылдардан бері аталған дертке байланысты адамдарға тексеру жасалып келген. Жыл сайын республика халқының 10 пайыздайы тесерілген. Оған мемлекеттік бюджеттен 100 миллион теңгедей қаржы жұмсалған. Бірақ ол айтарлықтай нәтижесін бермеген.

Ал, Мәжіліс депутаты Жазбек Әбдиевтің айтуынша, СПИД-ке қарсы күресте кеңестік кеңістікте болған елдерге халықаралық ұйымдардан ауқымды қаржы бөлінеді, бірақ Қазақстан мен Ресейде бұл ауру түрінің таралуы қарқындап отыр. Депутаттың пікрінше, Денсаулық сақтау министрлігі тергеу, оқшаулау ұсатау орындарынан түсетін мәліметтерге сүйеніп отыр. Өйткені, онда түсетін адамдардың қаны тексеріледі. Сондықтанда депутат, аталған министрліктің туберкулезді анықтауға байланысты акция жүргізіп, екіншіден, СПИД ауруына шалдыққандарды да анықтап, қаржыны тиімді пайдалану жолын ұсынды. Бірақ Анатолий Белоног, бұл айтылғандармен келіскен жоқ. Оның айтуынша, Ресейде инфекцияның өсу қарқыны 30 пайызға дейін ғана. Ал, Қазақстанда өткен жылға қарағанда қазіргі кезеңде өсу қарқыны

кеміген. Олар 20-30 пайызға дейінгі көлемді құрайды. Қазір бар болғаны жеті оқиға. Сондай-ақ ол халықаралық ұйымдар айтарлықтай қаржы бөліп отыр дегенді де жоққа шығарды.Оның айтуынша, бар болғаны жекелген инелер бөлініп және кітәпшалар таратуға бірнеше милиион теңге беріледі екен.

Ал, мемлекеттен ВИЧ инфекциясымен күреске100 миллион теңге бөлінеді, дейді Денсаулық министрлігінің өкілі. Дегенмен, халықаралық ұйымдар аталған дертті төмендетуге байланысты Қазақстанда жүріп жатқан жұмыстардан нәтиже бар деп бағалапты.
XS
SM
MD
LG