Accessibility links

Ирақта монархияны қалыпқа келтіру туралы

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Ирақтың соңғы патшасының немере туысы Шариф Али Бин Ал-Хұсейн Ирақта монархияны қалыпқа келтіру бұл елге тұрақтылық әкеледі деп біледі. Ирақта беделі болмаса да, Әл-Хұсейн Ирақты қалыпқа келтіруге өз үлесін қосқысы келеді.

Ирақтың соңғы патшасының немере туысы Шариф Али Бин Ал-Хұсейн Америка бастаған коалиция шетелден келген ирақтықтарды басшылыққа тартып қателесіп отыр деп біледі. Ал-Хұсейн 1958 жылғы қанды көтерілісте тақтан түсірілген Ирақ патшасы Файзал-2 –нің немере туысы. Бүгінде ол Ирақтағы Конституциялық Монархия қозғалысының жетекшісі. Саддам Хұсейн режимі тұсында Лондондағы оппозиция құрамында болған. Саддам Хұсейн режимі құлағаннан кейін ол Ираққа оралды. Бүгінде 47 жастағы Ал –Хұсейн Ирақта конституциялық монархия орнату жолында күресіп жүр. Ол тек осылай бұл елде монархия орнағанда ғана тұрақтылық орнайды деп біледі. Ол сондай-ақ Ирақтағы Америка әкімшілігінің әрекеттерін қабылдамайды. Ирақта болып жатқан қантөгістер американдықтардың Ирақтағы жағдайды түсінбеуінен деп біледі.

"Шетелде жүрген басшыларды алып келіп, олардан Басқарушы Кеңес құруы колацияның қателігі. Біздіңше олар Ирақта тұрып жатқан ирақтықтарды, осындағы қауым басшыларын билікке тартуы керек еді. Халық соларды құрметтейді ғой."

Діни негізде құрылған партияларды Басқарушы Кеңеске алып келіп ҚШ екінші қателік жасады деп біледі Ал-Хұсейн.

"Меніңше американдықтардың Ирақтың ішкі саясатына саяси партияларды қаржыландыру арқылы, оларға билік беру арқылы араласуы сәтсіздікке ұрынды. Меніңше американдықтар таңдауды Ирақ халқының өзіне беруі керек."

Ал-Хұсейн, егер, ирақтықтарға билік таңдау мүмкіндігі тисе, онда олар конституциялық монархияны таңдар еді деген сенімде.

Ирақтықтардың арасында патшалық тәртіпті аңсаушылар бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Алайда, олардың санының қанша екені белгісіз. Патшалық билікті аңсаушылар болса патша елдегі қырық құрау этникалық және діни топтардың басын бір жерге қосудың кепілі болар еді деп біледі. Ал-Хұсейн алайда ҚШ-дың маусым айында билікті ирақтықтарға өткізбек жоспарын қолдайды. Бірақ бұл кеш қабылданған шешім дейді.

"Өкінішке орай, бұл кеш, өйткені Басқарушы Кеңес саясаты елдегі қауіпсіздікке залалын тигізді. Сондықтан көзделген мерзімде сайлау өткізу қиын".

Саддам Хұсейн үкіметі таратылғаннан кейін миллиондаған кісі нан тауып отырған жұмыстарынан айрылды. Көшеде қалды. Енді ол ызалы жұмыссыздар елдегі басқыншылармен күреспегенде, кіммен күреспек дейді ал-Хұсейн.
XS
SM
MD
LG