Accessibility links

Дүниежүзілік банк қазақстандық үкіметтік емес ұйымдарға 40 мың доллар шағын гранттар береді.


Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдігі 2004 жылға арналған жалпы сомасы 40 мың долларлық шағын гранттар бағдарламасын ашқандығы туралы мәлімдеді. Гранттар үкіметтік емес ұйымдарға Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілдіктері арқылы беріледі. Бұл гранттарды алуға дамумен айналысатын кез келген ұйым өтініш бере алады. Бір гранттың көлемі 5 мың доллардан аспайды. Өтініштер келесі жылғы ақпанның 15-не дейін қабылданады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG