Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауеллдің Таяу шығыстағы жағдайды бейбіт реттеу жөніндегі баламалы Женева келісімінің израилдік және палестиндік авторлармен кездесуді жоспарлаған.


Оған бүгін Израилдің тағы бір реакциясы айтылды. Осы жолы Израил үкіметінің өкілі Ави Пазнер біз Пауелмен пікір таластырғымыз келмейді деді. Ал, кеше Пауелдің бұл жоспарын Израил үкіметі қате шешім деген еді, Колин Пауелл болса ол сынды қабылдамайтынын айтқан. - Мен білмеймін, неге мен немесе АҚШ басшылығының басқа өкілі бейбіт өмір сүруге үйір адамдармен сөйлесу мүмкіндігінен бас тартуы керек. Американың мемлекеттік хатшысы ретінде, менің америка халқы мен президенті және менің әріптестерім алдындағы міндетім, бейбіт жағдай қалыптастыруға ниет танытқан адамдардың пікірін тыңдау. Бұл ешқандай да біздің Израил елі мен Жол картасы атты бейбіт жоспарға деген қолдауымызды босаңсытпайды, - дейді АҚШ мемлекеттік хатшысы. Таяу шығыстағы қақтығысты реттеу жөніндегі келісімге дүйсенбіде Женевада қол қойылған болатын.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG