Accessibility links

Бүгін АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне Автралия қосылатынын мәлімдеді.


Бұл жөнінде Австралия сыртқы істер министрі Александр Даунер парламентте сөйлеген сөзінде айтқан. Оның айтуынша, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету ісіне маңызды үлес қосуда осы стратегиялық шешім Австарлияға зор мүмкіндік береді. Американың бұл зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі қарсыластардың баллистикалық зымыранын жоюға бағытталған. Бұл қаруды қолдануы мүмкін елдердің қатарында әдетте Солтүстік Корея аталып жүр. Американың бұл қорғаныс жүйесіне қосылуды Канада да қарастырып жатыр.
XS
SM
MD
LG