Accessibility links

Желтоқсанның 6-сында Қазақ радиосы арқылы Неміс толқыны радиосының тікелей хабары өтеді.


Бұл туралы желтоқсанның 4-інде өткен баспасөз мәслихатында Қазақ радиосының бас директоры Нұрлан Өнербай мәлімдеді. Бұл шара Германия канцлері Герхард Шредердің Қазақстанға ресми сапары мен «Неміс толқынының» 50 жылдығына орайластырылып отыр. Онда Герман канцлерінің Қазақстанға сапарының қорытындысы баяндалып, «Неміс толқыны» радиостансасының тарихы туралы айтылады. Сондай-ақ, радио тыңдаушылар арасында Германияның тарихы мен мәдениетіне, өнеріне арналған радиовикторина өткізіліп, жеңімпаздарға «Неміс толқынының» жүлдесі тапсырылады.
XS
SM
MD
LG