Accessibility links

Бүгін Астанада Германия канцлері Герхард Шредер Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен екі жақты келіссөздер жүргізді.


Кездесуде Қазақ елбасы бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы шикізаттық бағдардан жеделдетілген отандық өнеркәсіп өндірісін дамытуға қадам басып келеді. Біз үшін дәл қазір халық әл-ауқатын жақсартуға ықпал етіп, елдің экспорттық мүмкіндіктерін күшейтетін өнеркәсіп салаларын дамыту аса маңызды, деп атап өткен. Және кездесуде Қазақстан Республикасының экономика саласындағы менеджерлерінің біліктілігін көтеру жөніндегі бірлескен мәлімдемеге және Қазақстан Индустрия және сауда министрлігі мен Германияның Экономика және еңбек федералдық министрлігінің арасында экономикалық ынтымақтастықты ұйымдастырудың негізгі ережелері туралы құжаттарға қол қойылады деп күтіліп отыр. Ресми сапар аясында екі елдің іскерлік өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі.
XS
SM
MD
LG