Accessibility links

Тәуелсіз ара ағайындар Таяу Шығыс мәселесін өздерінше шешті


Үкіметтік емес Палестина және Израил азаматтары бейресми кездесу өткізіп Таяу Шығыс мәселесін халықтық дипломатия қалай шешетінін көрсетті. Палестина мен Израил үкіметіндегі ұлықтар оларды сатқындар деп сөгіп отыр. Енді бұ жәйлі вашингтондық тілшіміз Джефрей Донован жолдаған хабармен сіздерді С.Е. таныстырады.

Олар кейде үкімет көзінен тыс аутокөліктерде бас қосып келіссөз өткізетін. Кейде шетелге шығып кетіп Женевада бас қосатын. Осынау балама келіссөздер осындай құпия жағдайда 3 жылға ұласты. Дүйсенбі күні осынау топ Женевада шешуші бас қосуға жиналды. Бұл балама келіссөздерді жүргізген бұрынғы Израил әділет министрі Иосси Бейлин мен бұрынғы Палестина ақпарат министрі Ясер Абед Раббо болатын. Бүгіндері бұл екі тұлғаның екеуі де Вашингтонда. ҚШ ұлықтарымен өздері дайындаған келісім шарт жобаларын талқылауда. Оларды ҚШ сім Колин Пауел қабылдайтын болды. Израил бұл бейресми тұлғаларды Пауелдің қабылдауын қарсы шықты. Бірақ, Пауел Израил сынына құлақ аспады. Сәрсенбі күні өздері жасаған келісім жобасы туралы Ясер Абед Робби былай деп сыр шертті:

"Соңғы 3 жыл ұдай і сәтсіздіктен кейін сәтсіздік орын алғаны аян. Біз сол сәтсіздіктерге нүкте қою керек деген қорытындыға келдік. Біз саңылау таптық. Мәселенің шешімін таптық."

Белгілі болғанындай бұл табылған шешім палестиндықтар мен израилдықтар арасында да кең қолдауға ие болып отыр. Халықаралық дағдарыс тобы жүргізген сауалнама көрсеткендей бұл шарт жобасын израилдықтардың 53 пайызы, палестиндықтардың 55 қолдайтын көрінеді. Бұл келісімге БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан, Британия үб Тони Блеэр, Ресей сім Игор Иванов және ҚШ бұрынғы президенті Джимми Картер де қолдау білдірді. Шарт жобасында еврей қоныстанушыларын көшіру, Иерусалемді екіге бөліп екі елдің де астанасы деп жариялау, қанша палестин босқындарын қабылдау құқын Израилге беру бар. Бұл жобаға Израил үкіметі ашу шақырып қарсы шықты. Палестина басшылығы қолдау көрсетті. Палестина қарулы топтары қарсы. Бұ жөнінде келісім жобасының екінші ауторы Иосси Бейлиннің пікірі:

"Екі жақтан да сіздер дұшпанмен ауыз жаласқан соғыс сатқынысыздар деген пікірлер айтылып жатыр. Менің айтарым біздің мақсатымыз халқымызды сақтау ғана."

Келісім шарт жобасының ауторлары бұл жоба мақсаты ҚШ, ЕО, Ресей ұсынған "жол картасы" ұсынысына қолдау көрсету деп біледі. ҚШ сім Колин Пауел:

"Женева құжатының бір қызығы, ол ешқандай партияларың келісімі емес. Бұндағы идеяларға құлақ түру ләзім деп білемін".

Жоба ауторы Израилдың бұрынғы әділет министрі Иосси Бейлин пікіріне тағы да ден қоялық:

"Сионизмнің бір бөлігі біздің көршілерімізбен қоян-қолтық тұрып жатыр. Егер біз бұны тастамасақ, онда біз еврей мемлекеті де бола алмаймыз, демократиялық ел де бола алмаймыз."
XS
SM
MD
LG