Accessibility links

Қытайда болған жер сілкініснен Райымбек ауданы недәуір зардап шеккен.


Желтоқсанның 1- күні Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында болған күші Рихтер көрсеткішімен 7,5 баллдық күшті жер сілкінісінен көршілес Қазақстанның Алматы облысының Райымбек ауданы недәуір зардап шеккен. Осы аудандағы Нарынқол,Текес, Қызылшекера, Тасашы, Қақпақ және Сүмбе елді мекеніндегі тұрғын үйлердің қабырғалары жарылып, мектеп пен ауырухана үйлері зақымданған.

Зілзала апатының салдарын жою мәселесінде қандай жұмыстар жүріліп жатқандығын білмек болып, Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі агентігінің баспасөз хатшысы Қайыржан Төрежановпен хабарласып мән жайды сұраған едік.

Райымбек және Ұйғыр ауданындарында төтенше жағдайлар жөніндегі агентіктің арнайы тобы жұмыс атқарып жатыр. Ең көп зардап шеккен Сүмбе ауылындағы үй құрылыстарды жөндеу жұмыстары басталды. Осы жолғы жер сілкінісінен үйлер құлап, үйінді астында адамдар қалмағандықтан төтенше жағдайлар агентігі бұл жұмысқа онша араласпай отыр. Негізгі жұмыстарды жергілікті әкімшілік өз күштерімен істеп жатыр- деді ол.

Ал жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен Райымбек ауданының әкімі Байғожа Нұрғожаев болса қазір облыс тарапынан көмектердің көрсетіліп жатқандығын айтты. Оның айтуынша Қытай жерінде болған зілзала ошағынан небәрі 15 шақырым жерде орналасқан Сүмбе ауылындағы үйлердің көбі зақымданып, жарамсыз болып қалды. Ол үйлердің барлығына дерлігі саманнан салынған ескі үйлер. Қыс болып қалғандықтан бұл үйлерді жөндеу жұмыстары ең алдымен істелетін жұмыстар болып тұр. Құдай сақтап осы жолы құрбан болған адам жоқ, ал шекараның аржағында оншақты адам шығын болып кетті, қырықшақты адам жараланды деген хабар бар –дейді аудан әкімі.
XS
SM
MD
LG