Accessibility links

Зимбабве - ұлттардың Британдық достастығынан, яғни Ұлы Британия мен бұрын оның отарлығында және үстемдігінде болған бас-аяғы 54 елдің ұйымынан шығатынын мәлімдеді.


ХАРАРЕ: Зимбабве ұлттардың Британдық достастығынан, яғни – Ұлы Британия мен бұрын оның отарлығында және үстемдігінде болған бас-аяғы 54 елдің ұйымынан шығатынын мәлімдеді. Зимбабве үкіметінің мәлімдемесінде ел президенті Роберт Мугабе өз мемлекетінің Достастықтағы мүшелігін уақытша тоқтату туралы шешімді ұзарту шарасын “тиімсіз” деп санайды делінген. Мүшелікті “тоқтату” туралы шара Достастық мүшелерінің Нигериядағы бас қосуында мақұлданған болатын. Зимбабвенің мүшелігі – Достастықтың Роберт Мугабе режимін соңғы президент сайлауының қорытындысын бұрмалағаны, оппозицияны қудалауы мен аз халықтардың құқын бұзғаны үшін айыптауынан соң тоқтатылған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG