Accessibility links

Ресейде Мемлекеттік думаның депутаттарын сайлауда президенттік “Біртұтас Ресей” партиясы 36 пайыздан астам дауыс жинады.


МӘСКЕУ: Ресейде Мемлекеттік думаның депутаттарын сайлауда дауыс беру үдерісі аяқталды. Бастапқы ресми ақпарға сәйкес, “Біртұтас Ресей” партиясы 36 пайыздан астам дауыс жинаған, 14 пайыздан астам дауыс жинаған Либералдық демократия партиясы 2 орында, 13 пайыздан кем дауыс алған орыс коммунистері 3-інші орында келеді. Партиялық “Родина” блогы, “Яблоко”, Аграрлық және “Оңшыл күштердің одағы” партиялары – 8-ден кем, 4-тен астам, 4 және 3-тен астам пайыз дауыс жинаған. Сайлау барысын қадағалаған Бақылаушылардың кеңесіне заң бұзылғаны жөнінде 300-ден астам хабар келіп түскен, оның ішінде – заңсыз үгіт-насихат жүргізілгені және бақылаушылардың жұмысына кедергі жасалғаны туралы.
XS
SM
MD
LG