Accessibility links

АҚШ Қорғаныс министрі Доналд Рамсфельд Ираққа жоспардан тыс сапар шекті

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

АҚШ Қорғаныс министрі Доналд Рамсфельд сенбі күні күтпеген жерден Ираққа жұмыс сапарымен келді. Министрдің сәуір айында Саддам Хусейн тақтан құлатылғалы берігі бұл - 3-ші сапары болып тұр.

Ираққа барып жеткенше ол сапар құпия жағдайда ұсталды. Доналд Рамсфельдтің мақсаты – Ирақтағы соңғы саяси ахуал және қауіпсіздік мәселелерімен жақыннан танысу көрінеді. Рамсфельлд өз сапарын солтүстіктегі Киркук қаласынан бастады. Ол жерде министр американдық әскерлермен таңғы шәйді ішіп алғаннан соң, генерал Раймонд Одиернодан соңғы әскери операциялар жөнінде қысқа хабарлама тыңдады. Генералдың айтуынша, соңғы 3 аптада қарулы бомбы шабуылдары айтарлықтай кеми түскен. Жолдарға қойылған бомбылардың 70 пайызы табылып залалсыздандырылған. Дегенмен олардың 5 пайызы жарылып үлгірген.

- Меніңше, соңғы 3 аптада жүргізген операциялар нәтижесінде бір талай табысқа жеттік. Ондаған Ирақ азаматтары барлау мәліметтерімен келді. Енді ол деректердің барлық аймаққа игі ықпалы болары сөзсіз, - дейді генерал Одиерно.

Ирақтық бір ресми адам АҚШ Қорғаныс министріне, тілмаш көмегімен,

- Біз сізге Ирақ халқын азат етуде үлкен еңбек сіңргендігіңіз үшін рахмет айтамыз. Қош келдіңіз, сапарыңыз сәтті болғай, - деп ризашылығын білдірді.

Сенбі күні кешке қарай, Рамсфельд Бағдадқа ұшып барып, ирақтық қауіпсіздік күштерінің жаттығуларын көрді. Оның тілшілерге айтуынша, бұл дайындық нәтижесінде ирақ сарбаздары тез арада АҚШ күштерінің жауапкершіліктерін өз мойнына алатын болады.

Генерал Санчестің айтуынша, соңғы аптада қарулы бүлікшілдер бір күнде 50 рет шабуыл жасаған болса енді ол 20ға дейін азайған.

Дегенмен, сенбі күні де атыспа болып , Мосул қаласында ирақтық бір офицер оққа ұшқан. Одақтас күштер арасынан да құрбандар бар.

Токиода, сенбі күні, Ирақта қаза тапқан жапониялық 2 сарбаздды жерлеу рәсімі кезінде, бас министр Койзуми көз жасын сүрте отырып,

- Жапония үкіметі сіздердің халықаралық қауымдастықпен бірге, Ирақтағы қайта құру ісіне деген арман-тілектеріңізді орындап шығатын болады. Жатқан жерлеріңіз жайлы болсын, - деген .

Доналд Рамсфельд Ирақтағы өзінің бұл бір күндік сапарының соңында АҚШтық уақтынша әкімшілік жетекшісі Пол Бремер мен кездесті.
XS
SM
MD
LG