Accessibility links

Тағы да тарих жөнінде


Келер жылдың алғашқы жартысында Қазақстанда танымал корей халқының балалары жөнінде жаңа кітап жарыққа шығады. Бұл басылым арқылы жастар корей халқының тарихын біле бастайды, -дейді корей қауымдастығының мүшесі Клара Хан.

Клара Хан, Қазақстандағы корей қауымдастығының мүшесі: - Бізде Иван Пак деген математика ғылымының докторы бар. Иван Пак арнайы ғылыми-техникалық қоғам құрған болатын. Осы ғылыми-техникалық қоғам осы кітапты шығарған. Бұл кітап біздің ғылым, мәдениет саласындағы корейстер туралы, айтарлықтай жетістікке жеткен тұлғалар туралы жазылады. Біздің бұл тұлғаларымыз талай қиындықты басынан кешірді ғой, оған қарамастан олар ғылыммен шұғылданды. Осы жөнінде жастар білсе, деп ойлаймыз.

Жалпы, Клара Ханның айтуынша, қазіргі жастар корей халқының Қазақстанға келгені жөнінде және халықтың тарихы жөнінде көп бәлмейді.

Клара Хан, Қазақстандағы корей қауымдастығының мүшесі: - Корей халқы Қазақстанға 1937 жылы Ресейден жер аударып келген. Бұл Сталин жүргізген саясаттың салдарынан болған жағдай ғой. Корей халқы Қостанай, Талдықорған, Қызыл-Орда облыстарында көп тұрады. Кезінде Сталин корей халқын Қызыл-Орда, Талдықорған және де басқа аймақтардағы тақыр далаға орналастырған. Зорлықпен жер аударғанда корей балаларының көбісі Қазақстанға жетпей, қайтыс болып кетті. Сол 1937 жылдан бастап корей халқы Қазақстан біздің отанымыз деп айта бастады. Кез-келген адамның отаны біреу болады. Қазақстанда туып өскен, осында тұратын корей халқы біздің отанымыз Қазақстан деп есептейді. Көптеген халықтар тарихи отанына оралып жатады, бірақ Қазақстаннан корей халқы кетпейді.

Қалай болғанымен, Қазақстандағы корей қауымдастығының мүшелері түрлі қиындықты басынан кешірген корей халқының тарихын ұмытпауға тырысады.

Клара Хан, Қазақстандағы корей қауымдастығының мүшесі: - Қазіргі жастар тарих жөнінде білмейді. Қиындық көрмеген адамдар, көп мәселе жөнінде бейхабар. Тек үлкен ұрпақтың өкілдері біледі. Ал білетін тұлғалар, халық тағдырында болған оқиғаларды жастардың есіне салып жүргенді жөн көреді. Жаңа кітапты осы мақсатпен жариялап отырмыз. Зорлықпен жер аудартқанда еш бір халықтың пікірін сұраған жоқ. Қазақ халқына сіздерге корей халқы келеді, деп айтқан жоқ. Корей халқына сіздер қазақ жеріне барасыздар, деп ескерткен жоқ. Слалин кезінде бізді қуып шыққан ғой. Қазіргі кезде үлкен ұрпақтар да, жастарда корей тілін жөндеп білмейді. Тойлар мен отырыстарда жастар да, қарттар да орысша сөйлейді. Бұл біздің кемшілігіміз, деп ойлаймын.Жастардың 95 пайызы тілді білмейді.

Кеңес Одағы кезінде зорлықпен жер аударып, талай қиындықты көрген корей халқының балалары бүгінгі таңда Кореяның екіге бөлініп отырғынына қатты алаңдайтынын жасырмайды.

Клара Хан, Қазақстандағы корей қауымдастығының мүшесі: - Кореяның екіге бөлінгені дұрыс емес.Ағасы Солтүстікте қалса, қарындасы Оңтүстікте, бір отбасының екіге бөлінгені дұрыс емес қой. Мен ойлаймын, Кореяның екіге бөлінгені бұл күллі халықтың қасіреті.

Бүгінгі таңда кез-келген корей ұлтының баласы Корейлердің екіге бөлініп отырғынана алаңдаушылықпен қарайды, дейді Клара Хан.
XS
SM
MD
LG