Accessibility links

Еуропалық бизнес қауымдастығы Қазақстандағы 2003 жылдың жұмыс қорытындысын шығарды.

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Еуропаның үлкен қаржылық мүмкіндіктері бар. Сондықтан да Қазақстан үшін индустриалдық потенциал және сыртқы саудада стратегиялық серіктестердің бірі. Қазақстаннның шикізат байлығын және икемді инвестициялық жағдайын еуропалық іскерлер болашағы зор көмірсутек, түсті және қара металл жеткізуші әрі өнім өндірушілер үшін жайлы рынок ретінде қарайды.

8 желтоқсанда Еуропалық бизнес ассоцияциасының Қазақстандағы іскер топтары биылғы жылдың жұмыс қорытындыларын шығарды. Еуропалық бизнес қауымдастығы коммерциялық емес жүз компанияны біріктіріп отырған ұйым. Ол Қазақстанда жұмыс істейтін Еуропалық одақтың компаниялары және Еуродақ делегациясының бастамасы бойынша іскер топтар мүддесін қорғау үшін құрылған. Еуропалық бизнес қауымдастығының мақсаты, Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы бизнес саласындағы қарым-қатынасты дамыту үшін жұмыс істеу. Елдер арасында сауданы кеңейту және Қазақстанның стратегиялық серіктесі болып табылатын Еуропалық одақтың имиджін көтеру.

Басқосуда ЕУРОБАҚ президенті Майкл Уйлсон сөз алып, Еуробақ бизнес қауымдастығы 1999 жылы құрылды деді. Осы 4 жыл аралығында бұл ұйым Қазақстан іскер топтарымен бірлесе отырып, тиімді жұмыс істеп келеді. Жыл соңына дейін бұл ұйымның 100 белсенді мүшесі болады, солардың қатарында түрлі компаниялар бар. Олар Қазақстан экономикасының түрлі салаларында қызмет атқарады. Және дипломатиялық миссия өкілдері де бар, дегенді айтты Уйлсон мырза.
XS
SM
MD
LG