Accessibility links

Зейнеткерлер 50 теңгесін банкке тастап кетеді

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Алдағы жылдың бірінші қаңтарынан бастап, халық банкі арқылы зейнетақы алатын зейнеткерлер 50 теңгесін банктің қызмет көрсеткені үшін қалдырып отыратын болады

Парламент Мәжілісінің депутаты Василий Трошихин Қазақстан Үкіметі бұл мәселеге қандай ма бір шара қабылдауды сұрап, Премьер-министр Даниал Ахметовке сауал жолдады.

Депутаттың айтуынша, халық банкі бұған дейін зейнеткерлерден ондай ақша алмаған. - Қазақстанда миллион 600 мың зейнеткер бар. Егер олдардан 50 теңгеден алып отырса, бұл ай сайын 70 миллиондай теңгені құраса, бір жылда миллиард теңгені құрайды, - дейді ол.

Василий Трошихиннің айтуынша, зейнеткерлердің көбісі зейнетақыларын халық банкі арқылы алады екен. Басқа банктер мұндай мәселе көтерген жоқ, әзірге тек халық банкі, - дейді депутат.

Депутат өзінің осы банкітің салымшысы, әрі зейнеатқы қорында екенін, бірақ банк басшылығының мұндай шешімімен келіспейтінін жекізді. «Олай болған жағдайда халықтық деген атауды өзгерту керек», - дейді ол.

Василий Трошихин аталғандай жағдай, банк салымшаларының кетуіне күшейтеді деп отыр. Депутат айтқан ақпарат бойынша түсінік алу үшін халық банкіне хабарласқан едік. Банк өкілі Мақсот Итесов алдыңғы жылдың қаңтарынан бастап, зейнеткердерге зейнатқы төлегені үшін банктің 50 теңге ұстайтындығын жоққа шығарған жоқ.

Алайда, аталғандай жәйттің банк үшін қандай қажеттіліктерден туындағаны әзірге беймәлім.
XS
SM
MD
LG