Accessibility links

Елімізде жаңа туған нәрестенің бағым-күтіміне арналған бір мәрте жәрдемақыны төлеу тәртібі жеңілдетілді


Үкімет жаңа туған нәрестенің бағым-күтіміне арналған бір мәрте жәрдемақыны төлеу тәртібін біршама жеңілдетуге арналған қаулыны бекітті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Атап айтсақ, бұрынғы тәртіпке енгізілген өзгертулерге сәйкес, ендігі жерде жаңа туған нәрестеге арналған жәрдемақы баланың ата-анасының қайсыбіріне беріледі. Бір мәрте жәрдемақыны тағайындау үшін бұдан былай баланың туылуы туралы куәліктің немесе баланың туғаны туралы емдеу мекемесінен берілген анықтаманың көшірмесін көрсетсе жетіп жатыр. Сондай-ақ, жәрдемақы алу үшін өтініш тапсыру мерзімі бала туған күннен бастап 6 айдан 12 айға дейін ұзартылды. Бұл қаулы 2003-жылдың 1-қаңтарынан бері туған балалар үшін қуатты. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарлағанындай, жәрдемақы алу үшін зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа хабарласу керек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG