Accessibility links

Еуропа Одағы Молдованың өзара ықпалдастық байланысқа қосылуын қалап отыр


Еуропа одағынан жоғары дәрежелі бір реми адамның айтқанындай, Молдованың Еуропа одағына кіруге мүмкіндіктері бар деуге келеді. Оның үстіне Приднестровье мәселесін шешуде Молдова Ресей қолдайтын жоспарға қарсы болып отыр.

Осыдан бір ай бұрын, егер Ресей ұсынған жоспарды қабылдаған болса, Молдова федеративті республикаға айналып. сонымен өз тәуелсіздігін де қолдан шығарып алған болуы мүмкін еді.

Бірақ іштен және батыс елдерінен болған күшті қысымнан кейін ғана Молдова президенті Владимир Воронин Ресей ұсынған жоспарға қол қоймады.

Бұл әрине Ресейге ұнамады. Ол аз болса Еуропа одағы Молдованы өзара ықпалдастыққа шақырды. Одақтың кеңейтілуі мәселелері бойынша комиссионері Гюнтер Ферхойген желтоқсанның 5і күні Кишиневта болған кезде Молдовоа– еуропалық ел, еуропаның бір бөлігі , көптеген кедергілерге қарамай, еуропалық мүмкіндіктерге ие, деп кесіп айтты. Ал президент Морозов және бір қатар ресмилермен кездескеннен соң Ферхойген Мамыр айына дейін Молдованың Еуропа одағына мүшелікке қажетті құжаттарды тапсыру әрекетіне кірісе берсе де болады, деген ой айтты.

Себебі, алдағы жылы, ол Одаққа жаңадан он елдің қабылдануы мәселесі талқыланбақ.

- Молдова - біздің жоспардағы одаққа болашақ мүше елдердің бірі. Алдағы жылғы мамыр айына дейін бұл мәселеге кірісе беру жағдайын мен Молдова үкіметімен сөйлестім. Оған дейін 6 ай қалған кезде, біз өзара келістік деп сеніммен айта аламын, - деді Еуропа одағынан келген коммиссионер.

Ферхойгеннің айтуынша, Украина, Беларусь, Ресейге қарағанда Еуропа одағының Молдоваға деген мүддесі өзгешелеу. Сондықтан, Молдова ЕуроОдақ қоятын талаптарға барынша тезірек жауап бергені дұрыс.

- Дәл қазір ЕуроОдаққа кіру мүмкіндігі туып отыр, бірақ көпке дейін емес. Менің тілегім - Молдова сол мүмкіндіктен ұтымды пайдаланып қалуы қажет. Сондықтан Молдова одақпен өзара шұғыл жұмысқа кірісіп, оны тез арада жүзеге асыру шарасын қолға алуы керек, - деп қосты коммиссионер.

Молдова Еуропадағы ең кедей елдердің бірі. Нашар экономикаға сыбайлас жемқорлық қосылып, түбінде қатардағы қарапайым халық азап шегуде. Оның үстіне 13 жылға жалғасқан бөліну жөніндегі Приднестровье жанжалы елдегі саяси тұрақтылыққа кесір болып тұр. Есірткі және адам саудасы деген тағы бар. Ол бүкіл Еуропаға қауіпті. Одақ мұны да жақсы біледі.

Ал әзірше, президент Воронин Ресей мен Еуропа одағы арасында делдалдық ойын жүргізіп отырғандай. Өзі қол қоймағанымен Молдовалық жетекші коммунистер Ресей ұсынып отырған жоспардан бас тартар емес. Себебі, ол жоспар іске асса Приднестровье тәуелсіз аймаққа айналуы мүмкін. Міне соны білетін президент Морозов ол жоспарды коммунистер билігіндегі Молдова парламентіне жібермекші.

Ал Экономист интеллидженс юнит басылымының Молдова бойынша шолушысы Хенселдің айтуынша, ЕуроОдақ президент Воронинға өз сөзін өткізуге бар күшін салады.

Талдаушылардың пікірінше, 2007-жылға барып, Молдова блокка қосылмақ Румыния және Болгария мен бірге Еуропа одағына ең жақын көрші де болып қалар.

Ал әзірше, Молдовада қалып отырған 2 500 орыс әскері мен 50 мың тонна әскери қару-жыбдықтар Кишинев пен мәскеушіл Приднестровье арасындағы саяси тартысты одан әрі ұшықтырмаса тұрақтылық орнайтын түрі жоқ.

Ал желтоқсан айы басында болған ЕҚ және Ынтымақтастығы жиыны кезінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауел Ресей Молдова мен Гүржістаннан өз әскерлерін алып шығып кету жөніндегі шартын іске асыратын уақыт болды, деп ескертті.
XS
SM
MD
LG