Accessibility links

Махамбет ақынның 200 жылдығы

  • Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрындағы Махамбет ақынның 200 жылдығына арналған салтанатты кеште оның тарихтағы өр тұлғасы кеңінен сөз болды.

Үстіміздегі жылы орыстың отарлық езгісіне қарсы шығып, опат болған ұлы ақын Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіп жатқандығы белгілі. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрындағы Махамбет ақынның 200 жылдығына арналған салтанатты кеште де оның тарихтағы өр тұлғасы кеңінен сөз болды.

Есенғали Раушанов, ақын.

Егер алда жалда қазақ тарихы қайта жазылатын болса, ал оның қайта жазылатынына мен сенемін, ресми билікке оппозиция деген бөлімінің басында Махамбет есімі тұруға тиіс.



Нұрлан Оразалин, Қазақстан Жазушылар Одағының бірінші хатшысы, ақын. Осынау алмасқан дәуірде Махамбет ақынның өр тұлғасы тарих сахнасынан мәңгі орын алды. Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда бүкіл он тоғызыншы ғасырдың әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махембеттей жырлаған өзгеше ақын болған емес.

Серік Тұрғынбекұлы, ақын. Астанада дәл мына қазіргі Алматыда өтіп жатқандай кең шара әлі бола қойған жоқ. Бірақ Астанада оқушылар сарайы деген үлкен сарай бар. Соған Махамбет есімі берілді.

Ғалымжан Мұқанов, ақын-аудармашы. Министрліктің департамент бастығы Әлібек Асқаров мырзаның тапсырысы бойынша, мен Махамбет Өтемісұлы ақынның шығармаларын француз тіліне аударып бітірдім. Жақында ғана Астанада «Алтынбек СОФ» дейтін фирма оны француз және қазақ тілінде жарыққа шығарыпты.
XS
SM
MD
LG