Accessibility links

Бүгін Вашингтонда АҚШ елбасы Джордж Буш пен Қытай үкіметбасы Вэң Цзябаоның келіссөздері өтіп жатыр.


Негізінен Солтүстік Кореидің ядролық бағдарламасы, Тайуан мәселесі және екі жақты экономикалық қарымқатынастар сөз етілуде.Экономистердің болжамы бойынша, биыл АҚШ-тың Қытаймен сауда-сатық жетімсіздігі рекордты деңгейге жетіп 120 миллиард долларға жетпекші. АҚШ іскерлерінің пікірінше, бағасы тым арзан қытайлық заттардың нөсері америкалық өнім шығарушыларды титықтатып, жұмыссыздықты тудыруда. Вашингтон Солтүстік Кореидің ядролық бағдарламасы бойынша көп жақты келіссөздерде Бейжинің қолдауын алмақ. Ал Тайуан мәселесінде АҚШ пен Қытайдың ұстанымы бір шама жақындай түсті, өйткені Вашингтон Тайбейге нақты тәуелсіздік жариялау ниетінен тартыншақтауды ұсынды.
XS
SM
MD
LG