Accessibility links

Ал Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында шақпа тіл әзілкештердің “Әския” халықаралық фестивалі өтуде.


Өзбек халқы фольклорының бір түрі болып табылатын әзіл сөз шеберлерінің қылжақтасуы - “Әския” фестивалін өзбек қоғамдық бірлестіктерінің “Достлик” республикалық қауымдастығы мен “Жанубий Казогиостан” қоғамдық-саяси газеті ұйымдастырып отыр. Өзбек халқының рухани мұрасын сақтауға бағытталған бұл фестиваль Сайрам өңірінде жай өткізіліп отырған жоқ. “Сайрам ауданында 300 мыңға жуық өзбек тұрады және бұл шараның Өзбекстанмен шекаралас аймақта өткізілуі - тек тарихи-мәдени ғана емес, саяси мазмұнға да ие” дейді "Жанубий Казогиостан” газетінің редакторы Абдумалик Сариманов,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG