Accessibility links

Өзбек экобраконьерлері қазақ жеріндегі сексеуілдерді емін еркін келіп, шауып өз еліне тасып әкетуде.


ҚазАқпараттың Оңтүстік Қазақстандағы тілшісінің хабарлауынша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Арнаcай бөгетіндегі шекара сызығы шекара межелеудің нәтижесінде өзгеріске ұшырады. Осының салдарынан бұл аймақта сексеуіл аяусыз шабылуда. Орманшылардың пікірінше, бұл ең күрделі жер - 200 метрден кейін шекара басталады. Шекараның жақындығын пайдаланатын Өзбек браконьерлері Қазақстан аумағындағы сексеуілді шауып, орман сақшыларын көре салып, Өзбекістан аумағына барып тығылатын көрінеді. Екі ел арасында не шлагбаум, не аралық белгілер жоқ. Бұдан Қазақстандық сексеуіл тоғайлары сиреп барады. Орманшы Болат Адамдаевтың айтуынша, бұрындары сексеуіл тоғайлары ауылдың сыртынан басталатын. Енді, Қызыл кітапқа енген бұл өсімдікті көру үшін құмға қарай 100 шақырымдай ендеу керек.
XS
SM
MD
LG