Accessibility links

АҚШ-ң қорғаныс министрі Дональд Рамсфелд Америка әскерилерінің Ирақ пен Ауғанстандағы көтерілісшіл жетекшілердің көзін жоймақ болған әрекеттерін қорғап сөйледі.


Вашингтонда министрді сұрақтың астына алған журналистер сенбі күні оңтүстік Ауғанстанда күдіктелген террорлық нысанаға әуе шабуылы кезінде тоғыз баланың өліміне соқтырған қайғылы қателікке қарамастан, әуе күштері шабуылдарды не себепті жалғастырды деген сауалдар қойды. Рамсфелд АҚШ күштері бас көтерушілерді ұстауды мақсат етті деген. Алайда Америка әуе күштерінің генералы Ричард Мейерс сенбі күнгі шабуылдардың басты нысанасы- Молла Уазирдің өлтірілген, өлтірілмегені айқын емес деп айтқан осы баспасөз-мәслихатында.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG