Accessibility links

Ресейдегі соңғы сайлау Путин саясатына әсер ете ме?


Жексенбі күні өткен парламенттік сайлауда Кремль өзі қолдаған партияны билікке алып келіп бұрынғыдан да күшейе түсті. Соныңмен президент Путин осынау күшейген өз билігін олан әрі қалай пайдалануы мүмкін? Алда президентік сайлау келе жатқаны белгілі.

Ресейде өткен соңғы президенттік сайлауда Кремль қолдауындағы Біртұтас Ресей жеңіске жеткеннен кейін бұл жағдаят президент Путин саясатына қалай әсер етпек? Кейбір талдаушылар наурыз айында Ресейде президенттік сайлауда өзі қайта сайланғанша Владимир Путин ірі қимылдарға бармайды деп біледі. ҚШ Индиана Университетінің орыстанушы маманы Генри Хейл:

"Егер алдағы президентік сайлауға дейін бір оқыс өзгерістер болып кетсе ғана мен таң қалар едім."

Кремль қолдауындағы Біртұтас Ресей Думадағы 450 орынның 222 –ісін иеленді. Егер Біртұтас Ресей Думадағы Родина немесе Жириновскийдің ЛДПР, сол тәрізді Халық партияларын өз тарапына тарта білсе, сөйтіп тағы бір 94 дауыс жинай білсе онда Біртұтас Ресей Думаның үштен біріне айналып өз қалаған заңын өткізе алады деген сөз.

Ресейде қандай өзгерістер болуы мүмкін. Алдымен биліктегі шешуші орындарда отырған кісілер жылы орындардан айырылуы мүмкін. Соның бірі кәзіргі үкімет басы Михаил Касиянов. Соңғы кезде оның Владимир Путинмен қарым-қатынасы онша емес делініп жүр. Кейбір талдаушылар Путин одан әрмен сілтеп Ресейдегі билікті одан әрмен орталықтандырып билік бұйдасын өз қолына жинап алуы әбден мүмкін деп біледі. яғни қатаң орталық пайда болуы мүмкін. Кәсіпкерлікке мемлекеттік бақылауды күшейтуі мүмкін. Тағы американдық талдаушы Хейл пікіріне ден қоялық:

"Бұл өзі ол жүзеге асыра бастаған бұрынғы реформалардың жалғасы болуы мүмкін. Яғни еркін базар экономикасы мен бұрынғыдан да жабық саяси жүйеге апаруы мүмкін."

Мәскеуде орналасқан Панорама зерттеу орталығының маманы Владимир Прибыловскийдің пікірі:

"Ол іріктелген көпшілік қолдаушыларға ие болды. Ол деген сөз ол өзі үшінші мерзімге сайлану үшін Конституцияны да өзгерте алады деген сөз. Яғни екінші мерзімі соңында Конституцияны өзгертеді деген сөз."

Бұл идеяны яғни президенттік мерзімді үшінші ретке дейін ұзарту идеясын өткен жылы Ресей парламентінің жоғары шатыры Федерация кеңесінің төрағасы Сергей Миронов көтергені белгілі.

Ал, Путиннің өзі болса Конституцияға өзгерістер еңгізілмейді деп қайталаумен келеді.

Сейсенбі күні депутаттар алдында сөйлеген сөзінде Путин:

"Конституцияны өзгерту жөнінде әңгіме көп. Алайда мен кәзіргі конституцияның өзі-ақ егер оның мүмкіндігі толық пайдалана білсек қоғамымызда тұрақтылық сақтауға кепіл дегенге толық қосыламын", деді.
XS
SM
MD
LG