Accessibility links

Ирақтың басқару кеңесі кеше Саддам Хусейін жүйесінің адамзатқа қарсы жасаған қылмыстарын трибуналда қарау керектігі жөнінде шешім қабылдағанын жариялаған.


Басқару кеңесінің қазіргі басшысы Абдел Азиз әл-Хаким былай дейді: - Бұл сот 1968 жылдың 18 шілдесіннен бастап 2003 жылдың 1 мамырына дейінгі аралықтағы адамзатқа қарсы жасалған геноцид және соғыс қылмыстарын қарайтын болады. Хаким сондай-ақ трибуналда Кувейт, Иран соғысындағы және 1991 жылы солтүстік Ирақта күрдтерге қарсы жасалған қылмыстар да қаралатын болады дейді. Ал Ирақ партизандары кеше Мосул қаласында екі солдатты өлтірген. Бағдадтан ұшып шыққан Американың әскери ұшағы двигателдерінің бірінде болған жарылыстан соң қайтып жерге қонуға мәжбүр болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG