Accessibility links

Италия үкімет басы төңірегіндегі дау-дамай

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Еуропадағы бір бай адам Италия үкімет басы Сильвио Берлускони болса оның да басына дау-дамай бұлты үйірілді.

Бұ жолы оған пара алды деген айып тағылып отыр.
Берлускони ең алдымен медиа алпауыты. Оппозиция болса баспасөз жөніндегі Италия заңы басы даулы Берлусконидің медиа империясын одан әрі үлғайтуға жол ашып отыр деп дабыл қағып отыр. Енді бұ жәйлі толығырақ әріптесіміз С.Е. дайындаған хабардан тыңдай аласыздар Сіздер Италия үкімет басы төңірегіндегі дау-дамай туралы хабарды тыңдадыңыздар.

Жарнама әлемінде әйтеуір айтыла бергеннің артығы жоқ деген мәтел бар. Сол мәтелді жақсы ұстанып жүрген бір саясаткер болса ол Италия үкімет басы Сильвио Берлускони деуге болады деп жазады радиомыздың талдаушысы Брефни Ороурк. Еуропадағы ең бай адамның бірі, медиа алпауыты, Италия үкімет басы Сильвио Берлускони бұл атақ-лауазымдарына жуырда тағы бір атақ қосты. Махаббат әндерін жариалап композитор сазгер деген атақ қосты. Ол әндер болса талай италияндықтардың жүрегін жаулап үлгерсе керек. Италияндық талдаушы Габриел вон Тоггенбург Берлускони туралы бұл тұлға саясатта жүрген дұманпаздың өзі болар дейді:

"Бұл өзі ҚШ –да табысқа жеткен Арнолд Шварцнейгерге де келеді. Сол тәрізді өзін-өзі насихаттап жүрген өзге де оңшыл саясатшыларға келеді."

Отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын осынау билік пен байлық иесі Берлускониді қудалаудан қорғайтын заңдарды өзгерту үшін Антонио ди Пиетро атты прокурордың тер төккеніне талай заман. Ол тіптен иммунитет туралы заңды өзгерту үшін бір миллион отандастарының қолын да жинаған. Осынау халық талабын Италия Жоғары соты Конституциялық сотқа жолдады. Конституциялық сот жаңа жыл алдында бұл талап бойынша шешім қабылдамақ.

Берлускони төңірегіндегі дау-дамай бұнымен шектелетін емес. Парламенттен өткен аптада ғана өткен Бұқаралық Ақпарат Құралдары туралы жаңа заңға байланысты да жұрт Берлусконидің құлағын шуылдатып жатыр. Берлускони Италиядағы жекеменшік телеарналардың үштен біріне ие. Жаңа заң оның медиа империясын одан әрмен кеңейтуге мүмкіндік бермек. Оппозиция болса Италия президенті Карло Азеглио Сиампиді жаңа заңға тосқауыл қоюға шақыруда. Тағыда талдаушы Тоггенбург не дейді?

"Еуроодақ шартының алтыншы бабына сәйкес Италиядағыдай монополиялық жүйеден демократия тек зардап шекпек."

Алайда Италиядағы жағдайға ЕО басшылары назар аудармай отыр дейді талдаушы.

"Бұның бәрі Еуропа құндылықтарына кері әсер етеді деп білемін."

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтмақтастық Ұйымы болса осыдан біраз жыл бұрын Берлускониді медиа алпауыты ретінде өз жеке бас мүддесін өзі басқарып отырған үкімет мүддесімен шатыстырмауға шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG