Accessibility links

Шымкентте күзет полициясы дербес батальонының қызметкерлері такси жүргізушісін өлтіруге әрекет жасаған Ресей азаматын ұстады.


Бұл туралы Kazakhstan today тілшісіне күзет полициясының дербес батальоны командирінің орынбасары Ғани Мұсақұлов хабарлады. Полиция ақпаратына сәйкес, такси жүргізушісіне шабуыл жасау оқиғасы 9-желтоқсан күні кешкі сағат 23-те Шымкенттен шыға берістегі Тельман бөлімшесінде болған. Жеке тасымалмен айналысып жүрген жүргізушінің көлігіне 30 жастар шамасындағы кавказдық нәсілді беймәлім біреу отырып, жүргізушіні тұншықтыра бастайды. Көлік қожайыны қарсылық көрсеткен кезде шабуылшы оны кеудесінен жарақаттаған . Алайда оның көлікті иемденіп алуға шамасы жетпеген көрінеді. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде белгісіз қылмыскер қолға түсті. Тергеу нәтижесінде белгілі болғанындай, қамауға алынған Ресей азаматы бұған дейін адам зорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, зардап шегушімен келісімге келу нәтижесінде сот залынан босатылыпты. Тұтқынның айтуынша, ол Шешенстанға оралу үшін қаржы жинау мақсатымен осындай қылмысқа барған көрінеді. Көлік жүргізушісі қазір жедел жәрдем ауруханасының реанимация бөлімінде жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG