Accessibility links

Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен қирап қалған үйлерді қалпына келтіруге атсалысып, еңбекақысын ала алмаған Екібастұздық 36 құрылысшы жалақы берешегі өтелмеген жағдайда ереуілге шығамыз,- деп дөңайбат танытуда.


Бұл туралы олар Павлодар облысының әкімі Қайрат Нұрпейісовқа жолдаған хатында мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan today тілшісі. Екібастұздық құрылысшылар апат аймағында үш жарым айда бірнеше үй тұрғызған. Жамбыл облысындағы қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқаны үшін әрбір құрылысшыға 120 мың теңгеден жалақы төлеу жөнінде уәде беріліпті. Алайда жалақы мүлдем өтелмеген. Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Серік Көшімбаевтың хабарлауынша, жұмысшыларға жалақыға төлеуге арналған қаржы облыстық бюджеттен үйлердің құрылысын салушы мердігер ретінде тартылған Екібастұздық "Жан и К" фирмасының есепшотына толық көлемде аударылған . Алайда, фирма директоры құрылысшылармен есеп айырысудың орнына қаржымен бірге ізін жасырып, жерге отырғызып кетті деп хабарлайды С.Көшімбаев. Құрылысшыларға ақшасын қайтару үшін сотқа жүгіну туралы кеңес беріліпті.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG