Accessibility links

Оңтүстік Қазақстан өлкесінде балалардың көптігінен бастауыш және орта мектептердің жетімсіздігі байқалады.


Бұл туралы Шымкент әкімінің баспасөз хатшысы Кеңес Исмайлов Kazakhstan todayге хабарлаған. Қазір Оңтүстік Қазақстан өлкесінің халқының жартысын 18 жасқа дейінгі балалар құраса, 560 мың бала мектеп жасында. Қазақстандағы көп балалы аналардың 10 мыңы Шымкент өңірінің тұрғыны. Қазірдің өзінде Шымкент қаласының өзіне қосымша 20 мектеп ғимараты қажет. Мектеп жетімсіздігінен 2-і мектепте сабақ 4 кезекте өтсе, кей мектептерде ол 3 кезекте өтуде. " Бұндай жағдайда қандай оқу сапасы болуы мүмкін",- дейді Исмайлов.
XS
SM
MD
LG