Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш кеше Ақ үйде сөйлеген сөзінде Ираққа әскер жіберген елдер ғана Ирақты қайта құруға арналған 18 миллиард долларлық контрактілерді бөлісуге хақысы бар деп деген.


- Біздің еліміздің ерлері мен әйелдері Ирақты азат ету үшін арнайы киімдер киіп, өмірлерін бәске тігуде. Коалиция қатарындағы басқа да елдердің адамдары да өз өмірлерін Ирақ үшін қауіп-қатерге байлап жүр. Сондықтан АҚШ-ң барлық шығындары американдық жане басқа да әскерлердің қауіп-қатерлі өміріне жұмсалады, - дейді президент. АҚШ президенті сондай-ақ Франция, Германия және Ресей Ирақтың мыңдаған миллион доллар болатын қарыздарын кешіру жөнінде келісімге келер деп үміттенгенін де айтқан. Кеше бұдан ертерек Неміс канцлері Г.Шредер мен БҰҰ-ң Бас хатшысы К.Аннан Америка шешіміне қарсылық танытқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG