Accessibility links

Кеше Германия кацлері Герхард Шредер мен Польшаның президенті Александр Квасневский Европа одағының Конститутциясы турасында сөйлесті, бірақ келіспеушіліктер жөнінде бір мәмлеге келгендері байқалмады.


Конститутция жобасы бүгін Брюсселде басталатын жоғары дәрежелі басқосуда талқыланатын болады. Германия мен Польша жобада көрсетілген Европаның Германия тәрізді көпсанды халқы бар елдер дауыс беру жүйесінде артық хұққа ие болады деген бабына Польшаның наразылық білдіруіне байланысты түрлі ұстанымда. Квасневский тілшілерге егер Германияның жағдайы өзгермейтін болса, онда Польшаның да жағдайы өзгеріссіз қалады, Польша мүмкін жаңа Конститутция жобасына вето қоятын шығар деп айтқан. Неміс теледидары арқылы сөйлеген Шредер Одақтың жаңа қабылданар елдің өзінің Одақ қатарына келуін ветомен бастамағаны жөн болар деген пікір білдірген.
XS
SM
MD
LG