Accessibility links

Республикалық бюджетті іске асыру жайы қаралды

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Желтоқсанның 12-і күні Премьер-министр Даниал Ахметовтің төрағалық етуімен Үкімет отырысы өтті. Онда 2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру жөніндегі Үкімет актісін қабылдау мәселесі қаралды. Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов осы мәселе бойынша әзірленген үкімет қаулысының жобасымен таныстырды.

Министр, қаулы жобасында мемлекеттік органдарға республикалық бюджетті іске асыруда тапсырмалар жүктелгенін, сондай-ақ, республикалық бюджеті талқылау кезіндегі парламент палаталарының барлық шешімдері ескерілгенін мәлім етті.

Қайрат Келімбетов, сонымен бірге шығыстардың дер кезінде қаржыландырылуын қамтамасыз ету үшін Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі әкімшілермен бірге бюджеттік бағдарламалардың жылдық шығыс сомасын бекіту жөніндегі бұйрықты дайындап жатқанын айтты.

Министрдің айтуынша, әрбір әкімші желтоқсанның 13-іне дейін әділет министрлігімен келісіп, экономика және бюджеттік жоспарлау минитстрлігіне жылдық шығыс жөніндегі бұйрықты бекіту үшін республикалық бюджет бағдарламаларының паспорттық жобасын сондай-ақ басқа да қажетті есептерді тапсыруы тиіс. Ал, экономика және бюджеттік жоспарлау министирлігі қаулы жобасын желтоқсанның 20-ына дейін үкімет қарауына тапсырады.

Премьер-министр Даниал Ахметов, бөлінген бюджеттің қаржының дер кезінде орындалуын назарға қойды

- Естеңізде болса, бірнеше жыл бұрын қаржылық мүмкіндіктер жетіспеді, сіздер қаржы болса, игеру жағынан проблема жоқтығын айтқан едіңіздер, енді қаржы бар, ал, игеруде проблема бар, - деді Даниал Ахметов.

Үкімет аталған мәселе бойынша хаттамалық шешім жобасын қабылдады.
XS
SM
MD
LG