Accessibility links

Қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының 2 томдық жинағы шықты

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Жақында «Алаш» баспасынан белгілі қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының екі томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Ал осы Смағұл Сәдуақасұлы кім еді, оның қазақ мемлекетінің қалыптасуына сіңірген еңбегі қандай? Ол жөнінде қайраткердің жерлесі, Смағұл туралы біраз еңбектер жазған ардагер Нұрым Сансызбай айтып берді.

- Смағұл Сәдуақасұлы 1900 жылы Омбы облысында туып өскен, жасынан білімге құштар, Шығыс жастары бюросының мүшесі, қазақтан шыққан тұңғыш экономист ғалым, қазақ ағарту комиссары, жиырмасыншы жылдары Голощекиннің қуғынына ұшыраған, небәрі 33 жыл өмірінің соңында Мәскеуде, Кремльде 16 желтоқсанда белгісіз жағдайда көз жұмған, - дейді Нұрым Сансызбай.

Сол кездегі Омбы уезі қазіргі Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Нығмет Нұрмақов және басқалармен бірге «Бірлік» атты жастар ұйымын құрған. Кейін ол «Жас азамат» ұйымына айналып, осындай атпен газет те шығарған. Ол 1920 жылы Мәскеуде өткен Шығыс жастарының конференциясына қатысып, сөз сөйлеген.

Аз ғана ғұмырында көп іс тындырып, артына сүбелі еңбектер қалдырды.
XS
SM
MD
LG