Accessibility links

Ирақтағы уақытша әкімшілік жетекшісі Пол Бремер Саддам Хусейннің ұсталғандығы жөніндегі хабарды ресми түрде растады.


“Біз оны ұстадық”-деді Бремер мырза. “Бұл- Ирақ тарихындағы тамаша күн. Бірнеше онжылдықтар бойы сіздердің бірнеше жүз мыңдағандарыңыз осы қатал адамның билігінен зардап шекті. Оншылдықтар бойы ол сіздердің көршілеріңізге шабуыл жасап, қауіп төндірді. Қанқұйлы билеуші-түрмеде”-, деді Бремер мырза. Британия өкімет басшысы Тони Блейр де Ирақтың бұрынғы басшысы Саддам Хусейннің ұсталғандығын растаған болатын. “Осы арқылы бұған дейін Саддам билік басына қайта келуі мүмкін, деген қаусеттерге тоқтау салынатын болды”, - деп аталған жаңалықты Блейр мырза қызу қуаттады. Сондай-ақ әлемнің өзге де елдері басшылары бұл хабарды қолдап, қуаттауда. Саддамның ұсталғандығы жөніндегі алғашқы хабарды Иранның ИРНА ақпарат агенттігі таратқан болатын.
XS
SM
MD
LG