Accessibility links

Ирақтың бұрынғы билеушісі Саддам Хусейін ұсталды.


Өткен түні, Ирақтың Тикрит қаласының маңындағы үйлердің жер төлесінде жасырынған, Ирақтың бұрынғы диктаторы Садам Хусейн қамауға алынды. АҚШ қосындары, жүзі шаршаған, сақылы омырауына шейін түскен, қара киім киген Садамның дәрігерлік тексеруден өтіп жатқанын видио таспа арқылы көрсетті.

Жексенбі күні Бағдатта, Ирақтағы АҚШ әкімшілігінің басшысы Пол Бремер ең маңызды жаңалық ретінде ақпарат құралдарының өкілдерне мынаны жеткізді: "Ханымдар мен мырзалар біз оны қолға түсірдік!"

Бремерден кейін сөз алған генерал лейтенант Рикардо Санчес, Саддамды қолға түсіру үшін жүргізілген "Қызыл таң" атты арнайы операцияның барысына тоқталды: "Кеше кешке жергілікті уақыт бойынша, мөлшермен сегіз кезінде Ирақтың бұрынғы диктаторы Саддам Хусейінді қолға түсірмек үшін жәйау әскердің төртінші дивизиясының қосындары одақтастардың арнаулы күшетімен бірлесе " Қызыл таң " операциясын жүргізді.”

Санчестың айтуынша, барлау және тергеу орындарының мәліметеріне сүйеніп АҚШ қосындары Тикрит маңындағы екі жерді тінткенімен ол сәтсіз аяқталды. Бірақ күллі ауданды қоршауға алған АҚШ қосындарына бір аузына қоқыр соқыр үйілген жер төле сезікті болып көрінген, Санчестың айтуынша, бұл " өрмекшінің інінің" түбінде Саддам жасырынған. АҚШ қолбасының мәлімдеуінше, Саддамның дені сау.

"Ешқандай да бір, зақымдалу болған жоқ, бірде бір оқ атылған жоқ. Қолға түскен Саддам Хусейін қарсылық танытпай сөзшең болды." Санчестың айтуынша, шабуыл барысында, АК-47-і екі автоматы, тапанша, 750 мың 100 долларлықтардан тұратын екі бума ақша тәркіленді. Және Саддамның қасында болған екі ирақтық тұтқындалды.

Саддам мөлшермен сегіз айдай АҚШ қосындарының Ираққа кірген уақыттан бері бой тасалап жүрді. Ол одақтастар әскеріне қарсылықты ұйымдастырып отырды. Саддамның қолға түсірілуі қарсылық көрсетулердің бірте-бірте бәсеңдейді деген үміт тудырып отыр. Бірақ Санчестың айтуынша, ол шабуылдар тоқтай қойатына онша сеніңкіремейді.

Бремер Саддам режимінің бұрынғы сарқыншақтарына үндеу жасап, олардың одақтастарға қарсылығын тоқтатуға шақырды.

"Саддам Хусейінің қамауға алынуымен бұрынғы режим мүшелеріне азаматтық не әскери тұлғаларға олардың қарсылық танытуларын тиатын жаңа мүмкіндік туып отыр."

Саддамның болашақ тағдыры беймілім күйде. Ол әскери қылмыстары үшін сотқа тартылғанша, күшейтілген американдық күзет астында болады. Ирақтықтар оның ирақтық трибунал алдында сотқа тартылуын қалап отыр.
XS
SM
MD
LG