Accessibility links

Қазақстан мен Чехия елі арасында, жолаушылар үшін, Алматы - Праға, Праға – Алматы бағытымен қатынайтын әуе жолы байланысы ашылады.


Air Kazakhstan әуе жолы компаниясының коммерциялық басқарма бастығы Жаңбырбай Қайнарбаевтың Азаттық радиосына хабарлауынша, желтоқсан айының 18і, бейсенбіден бастап, Қазақстан мен Чехия елдері арасында, жолаушылар үшін, Алматы-Праға, Праға-Алматы бағытымен байланыстыратын әуе жолы ашылады. Сонымен, әзірше Алматыдан Чехияға қарай бейсенбі күндері, ал Прағадан Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматыға қарай жұма күндері Air Kazakhstan әуе жолымен ұшу мүмкіндігі болса, алдағы кезде, жаңа жылдан бастап, жолаушы талабына орай ол рейс аптасына екі есеге дейін көбейтілуі мүмкін екен. Ұшу билеті құны, бір бағытқа – 51 мың 240 теңге болса, екі бағытпен, яғни барып-келу үшін 67 мың 500 теңге болатын көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG