Accessibility links

Әлем елбасылары Саддамның тұтқындалуын қолдайды


Саддам Хұсейннің тұтқындалуын әлем елдері жетекшілері Ирақтағы бейбітшілік жолындағы игі қадам деп түсінеді. БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннанның айтуынша, Саддамның тұтқындалуы елдегі тұрақтылық кепіл болмақ. Ирақтағы сағысқа қарсы болған Франция, Германия жетекшілері және Ресей Сыртқы істер министрі, бұл шара Ирақтағы тұрақтылықты жеделдетіп, ел билігінің Ирақ халқының өзіне қайтарылуын тездетуі мүмкін, дейді. Ал Ирақтың АҚШ қолдап отырған Басқару кеңесінің қазіргі төрағасы Абдул Азиз ал-Хаким,

- Бұл текқана Ирақ халқына емес, бүкіл адамзат үшін ұлы күн. Бұл бейбітшілікті аңсайтындар үшін ұлы күн, себебі бұл қылмыскер адамзатқа қарсы қылмыс жасады, - деді.

Сондай-ақ, Иран президенті орынбасары Мохаммед Али Абати, Саддамның әділ сот алдында жауап беруі орынды, себебі 1980-88 жылдары екі елдегі иран азаматтарына оның жасаған қылмысы аса үлкен, деді.
XS
SM
MD
LG