Accessibility links

АҚШ президенті Буш Саддам Хұсейннің билікке енді қайта келмеуіне сенімді.


Ирақтың бұрыңғы президенті Саддам Хұсейннің тұтқындалуы Ирақ еліндегі қара және мүшкіл заманның аяқталғанының белгісі, деді, жекснбі күні кешке, АҚШ президенті Буш. Ақ үйден тұрып , бұрыңғы диктатор миллиондаған адамға бұйырмаған әділеттікке енді өзі кез келіп отыр. Саддам енді билікке ешқашан қайта келмейді,

- Менің Ирақ халқына айтарым, қорықпаңыздар, енді сіздер Саддам Хұсейннің билігінен ешқашан азап шекпейсіздер, - деді президент Буш.

Генерал Санчестің айтуынша, тұтқындау кезінде Саддам қарсылық көрсетпеген, оқ атылмаған. Саддамның қасында 2 Ирақ азаматы болған.
XS
SM
MD
LG