Accessibility links

Дүйсенбі күні тағы да бір неше ел басшысы және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Саддам Хусейннің тұтқындалуын жақсы хабар ретінде қабылдаған.


Бұл жаңалыққа орай кеше Чилиде жұмыс сапарымен жүрген Ресей Сыртқы істер министрі Иванов, - Бұл тұтқындалу нәтижесінде Ирақтағы жаппай қырғын қару мәселесі, Ирақтағы саяси тұрақтылық жағдайы ретке келер, - деген ой айтты. Сондай-ақ, Түркия Сыртқы істер министрі Абдулла Гүлдің айтуынша, Саддамның қолға түсуі жаңа дәуірге , Ирақтағы демократияға кеңірек жол ашпақ, деген. Ал, Ұлы Британияның Ирақтағы жетекші өкілі Гринстоктің айтуынша, Британия Саддам Хусейнге өлім жазасының берілуіне қарсы болады. БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннаның айтуынша, Саддам Хусейн қолға түсіп, ел арасындағы үрей бір шама сейілді, бірақ қарулы шабуыл, қанды қақтығыстар, АҚШ бастаған күштер басқыншылығы аяқталған кезде ғана тоқталады.
XS
SM
MD
LG