Accessibility links

Президент Буштың айтуынша, Саддам Хусейннің қылмысы бойынша сот ашық өтеді.


АҚШ президенті Дж.Буш, Ақ үйдегі баспасөз мәслихаты кезінде, Саддам Хусейн үстінен өтетін сот ашық болады, халықаралық бақылау астында, ирақ азаматтарының тікелей қатысуымен өтеді, деді. - Саддамның барлық қылмыстары, қиянаттары ашылып, әділет салтанат құруы керек, - дейді президент Буш. Саддам қолға түскенімен, АҚШ президентінің пікірінше, АҚШ жетекшілігіндегі әскери қосындар алдында аса қатерлі міндеттер тұр. Париж сапары кезінде, Ирақтағы Уақтынша басқару кеңесінің төрағасы Абдел Азиз ал-Хаким, бұрыңғы диктатор басшы Саддам Хусейн әділ сот алдында жауап беріп, қылмысы анықталса, егер қажет болса, өлімге де кесілуі мүмкін, деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG