Accessibility links

АҚШ-тың Ирақ соғысы барысында бейбіт тұрғындар арасындағы шығындар мәселесі


АҚШ Қорғаныс министрі Дональд Рамсфелд бірнеше мәрте американ әскерлерінің басшылығындағы одақтастардың Ирақта жүргізген соғысы "адамгершілік" тұрғыда болды деп мәлімдеді. Humаn Rights Watch тобы бұнымен бір шетінен келіседі.

Бірақ құқ қорғаушылардың айтуынша, АҚШ пен оның одақтастарының қолданған шаралары бейбіт тұрғындар арасында қажетсіз шығындарға әкелді.

Humаn Rights Watch тобының айтуынша, АҚШ қосындары мен олардың одақтастары Ирақта қажетсіз шығындардың болмауына барынша тырысты. Бірақ 1960-шы жылы Вьетнамда пайдаланылған кассетті бомбалар, Саддам мен оның айналасына қарсы пайдаланды, ал бұл бомбалар нысана таңдамайды. Humаn Rights Watch тобының Вашингтондық бөлімшесінің өкілі Бонни Дочертидің Азаттыққа айтуынша, жерге түскенде жарылмай қалған кассетті шағын бомбаларды балалар ойыншық деп қабылдайды.

"Бұның соңында ұзын ақ лента бар, бұл ұшқан кезде оны тұрақтандырып және қаруландырады. Бірақ балалар бұны көреді де, бұл сабы бар қоңырау дейді. Сондықтан олар бұны лентасынан ұстап шайқаған кезде ол жарылуы мүмкін."

Humаn Rights Watch тобының айтуынша, одақтастар Ирақта 13 мыңнан аса жарылғыш затарды пайдаланған, ал бұлардан өз кезегінде 2 миллионнан аса "шағын бомбалар" таралған.

Құқық қорғаушылар НАТО-ның бұндай бомбаларды Югославия мен Ауғаныстанда пайдаланғандығын есептеп, Ирақта АҚШ әскери әуе күштері бұндай бомбаларды елді мекендерде азырақ пайдалануға тырысқанына тоқталады. Humаn Rights Watch-тың айтуынша, Саддам мен жоғары лауазымды ирақтық ұлықтарды өлтіру үшін одақтастар 50 мәрте соққы берген. Әуе шабуылдары негізінен ирақ телефон байланыстарына және күмәнді барлау мәліметтеріне сүйеніп жасалған Ал бұл бомбылардың аса қуатты екендігін ескерер болсақ онда жақын маңда болған бейкүнә бейбіт тұрғындар арасында шығындар да мол болуы тиіс.

"Олар қолданатын қару мен оқ дәрілер бірнеше қадам не метрге шейін дәлдеп тиеді. Бірақ сіз дәлдеп ататын қару-жарақтың нысанаға дөп түсетіндігн білмейсіз. Өйткені ол теріс мәліметерге сүйенеді."

АҚШ әскерінің зейнеттегі генералы Эдвард Аткенсонның айтуынша, ол Саддам мен оның айналасын жою мақсатын теріс демейді, бірақ дейді ол, кассетті бомбалар нысана таңдамайды. Оның таралу ауқымы тым кең, ал нақты нысана қала ішінде тым қиын анықталады.Өйткені ол 100 метр шеңберде қиратулармен қоса көптеген жазықсыз адамдарды өлтіріп, жаралы етеді.

Humаn Rights Watch тобының айтуынша, мүмкіндігінше кассетті бомбаларды сирек пайдаланған дұрыс. Өйткені майдан алаңындай емес, елді мекендерде ол көбіне қарусыз бейбіт тұрғындардың арасында шығындарға әкеледі. Дочертидің айтуынша, бірақ қана ұсыныс бар, ол нақты мәліметерге ие болыңдар не кассетті бомбаларды мүлде пайдаланбаңдар.
XS
SM
MD
LG