Accessibility links

Тонни Блейер жойқын қарудың ізі табылатынына сенімдімін деді


Британия бас министрі Тонни Блейер тұтқынға түскен Саддам Хұсейн жойқын қарудың құпиясын ашуы мүмкін деп үміт айтты. Тонни Блейер бұл пікірін "Британ әскери радиосына" берген сұхбатында айтты. Блейер Ирақта биологиялық қарудың зертханасы табылды деген АҚШ бастаған тергеу тобының қазан айындағы баяндамасына сілтеме жасады. Дегенмен, баяндамада биологиялық, химиялық не болмаса атом қаруы табылмады деп жазылған болатын. Жойқын қарудың ізі табылатынына сенімдімін, деді Тонни Блейер.
XS
SM
MD
LG