Accessibility links

Кофи Аннанның пікірінше, Ирақтағы саяси ауыс-күйістер тұрақтылықа әкелуі ықтимал.

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

БҰҰ-ның Бас хатшысының айтуынша, Саддам Хуссейн қолға түскен сәте,Ирақта тұрақтылық орнату үшін бәлки биліктің өзгеріске ұшырағаны орынды болар. Аннан БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында билік АҚШ басшылығындағы одақтастардың қолынан Ирақтың уақытша үкіметінің қолына шапшаң берілсе,-деді.

Сейсенбі күнгі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында сөз алған Кофи Аннан былайша ойын ортаға салды,

"Уақытша үкімет тұрғысындағы Ирақ тұрғындарының егемендігіне қол жеткізу үшін қойылған нақты мақсаттар шұғыл іске асырылуы тиіс. Сондай-ақ, уақытша үкіметті құру үшін қажетті тәуелсіз, әділ сайлаулар өткізу үшін уақыт тым азшылық етеді."

Аннан, Кеңес мүшелерін БҰҰ-ның Ирақтағы саяси ролін анықтап оның бұл елге өкілетігінің қайта оралуына қол ұшын беруге шақырды. АҚШ БҰҰ-ның Ирақтағы "өмірлік" маңызына қолдау көрсетіп, оның ұйым ретінде негізінен адамгершілік мақсатарының саяси роліне қарағанда басым болуына назар аударды.

Бағдата 19-ыншы тамыз күнгі БҰҰ-ның өкілетігіне террорлық шабуыл жасалғанан соң Аннан оны қайтадан қалпына келтіре бастады, ол Ирақта толық қауіпсіздік болмайынша уақытша Кипрде орналастырылды.

Ирақтың Сыртқы істер министрі Хошяр Зебари БҰҰ-ын өзінің халықаралық мамандарын Ираққа қайтаруына үгітеді, оның айтуынша, олардың көмегі әртүрлі деңгейде қажет. Зебари бір мысал ретінде Ирақтың келесі жылға белгіленген аймақтық партиялық жиындарының өтпелі кезең басшыларын сайлау ісін ұйымдастыруға БҰҰ-ның көмегіне зәру екендігіне тоқталды,

"Біз, БҰҰ-ның 19-ыншы тамыз күні елеулі шығынға ұшырағанын жақсы түсінеміз, бірақ БҰҰ-ы көптеген ауыр жағдайларда өзінің бар екендігін білдіретіндіктен, біз егер БҰҰ-ның Ираққа оралып жатқанын көрер болсақ онда қажетті қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етуге әзірміз."

Зебари бірнеше мәрте Қауіпсіздік кеңесін Ирақтағы соғысқа байланысты айтыс-тартыстарды тоқтатып, бұл елге тұрақты демократия құру үшін көмектесуге шақырды. Зебари АҚШ тағайындаған Ирақтың Басқару Кеңесін Таяу Шығыстағы кең өкілетті және демократиялық басқару жүйесі және сондықтан БҰҰ-ының ғимаратында қолдау алу үшін Қауіпсіздік Кеңесінің қосымша ілтипатына бөленіп отыр деді. Қауіпсіздік Кеңесі Аннан мен Зебаридің мәлімдемелерінен соң жабық есік жағдайында келесі жылдың маусымында АҚШ басшылығындағы билікті Ирақтың уақытша үкіметіне беру мәселерін талқылайды.
XS
SM
MD
LG