Accessibility links

Әлем бойынша алғашқы ұшақтың әуеге көтерілгеніне 100 жыл толып отыр.


1903-інші жылы АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында ағайынды Уилбер және Орвилл Райттер аспанда бірнеше метрге ұшқанына 100 жыл толды. Осы алғашқы ұшақтың көтерілгенінен соң аэронавтика өндірісі күллі әлемде қарқынды дамып, қазір миллиондаған адамдар жер шарының шар тарапына қатынайды.

Осыдан 100 жыл бұрын 1903-інші жылдың 17-інші желтоқсанында ағайынды Уилбер және Орвилл Райттер тұңғыш рет өз ұшақтарын аспанға көтеріп бірнеше секунд ішінде 36 метр ұшып өтіп адамзат тарихында жаңа дәуірді ашты.

Осы елeулі оқиғаға орай мерекелік шараларға АҚШ елбасы Джордж Буш, Айға тұңғыш рет аяқ басқан адам, ғарышкер Нейл Армстронг пен дыбыс бөгесінін тұңғыш рет бұзып өткен тәжірбие ұшқышы Чак Ийгер қатысты.

Адамзат баласы мыңдаған жылдар бойы аспанда құсша ұшуды армандады, мөлшермен 2 мың жыл бұрын қытайлар батпырауықтарды құрастырып көкке ұшырды. Бертін біздің заманымызда, 18-інші ғасырда ағайынды Монтголфиерлер ыстық ауа толтырылған әуе шарларына үй жануарларын көтеріп, француз ақсүйектерінің көңілін көтерді. 19-ыншы ғасырдың алғашқы жартысында ағылшын Джордж Кэйлей ойыншық тік ұшақ жасап оны аспанға көтеріп, кейін қалықтағыш құрастырып оған баланы отырғызып ұшырып көрді.

Бұдан кейін 99 жылдан соң, бұл тәжрибені ағайынды Райттар өздерінің тұңғыш ұшуында пайдаланды. Ал бұл екі аралықта көптеген өнер тапқыштар құстардың қанаттарына еліктеп қолдарына жапсырылған ұшу құралдарын сынақтан өткізді. Бұлардың ішінде Германиялық Отто Лилинталдың талпынысы айтарлық, ол мөлшермен 350 метрлік ұзындыққа ұшып, 2 мыңдай ұшу тәжірбиесін өткізді. Бұл туралы Мюнхеннің авиация мұражайының қызметкері Вернер Хеинзерлинг былайша тоқталды:

"1903-інші жылдың алғашқы ұшу әрекеті туралы негізгі ақпарат бертіңгі дүние. Алғашқы әрекет 1890-ыншы жылы Отто Лилинталдың талпынысы болды, ол шынайы бірінші ұшақты жасап және онымен ұшып көрді. Оның жұмыстарына ағайынды Райттар сүйеніп талпыныстарын жасады. Және олар зерттеуді одан әрі дамыта түсіп, Лилинтал жасап шыққан ұшаққа қарағанда әлде қайда дамыған ұшақты жасай білді."

Британиялық авиaтор, "Флайт Интернешнл" журналының ауторы Дэвид Лермоунттың айтуынша:

"Егер ағайынды Райттар бұны жасамағанда, онда арасы бір екі жыл ішінде, бұны басқа біреу іске асырған болар еді және ол Францияда іске асырылар еді."

Бірақ Райттардың алғашқы қадамдарынан соң авиация 20-ыншы ғасырда қарқынды дамыды. 1909-ыншы жылы Луи Блерайот Ла-Манштың үстінен ұшып өтті. 1919-ыншы жылы алғашқы ұшақ трансатлантикалық сапар жасаса, 1924-інші жылы бірінші әлемдік ұшақ сапары болды. Осы күннен бастап азаматтық авиaция шапшаң қарқынмен дамып, қазіргі күні миллиондаған қатардағы адамдар күллі әлемде іскерлік және саяхатшылық сапарларында жәйлі ұшақтарды пайдаланады.
XS
SM
MD
LG