Accessibility links

Шетел инвесторларының наразылығы

  • Гүлмира ХАМЗА

Қазақстандағы Ұлттық Телекоммуникациялық қауымдастық мүшелеріне, республиканың Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттіктің «Байланыс туралы» заңға енгізуді көздеген өзгерістері ұнамай отыр.

Телекоммуникациялық қауымдастық мүшелерінің бірі Радильда Хасеновтың ойынша, жаңа енгізілетін өзгерістер іс жүзіне аса бастаса, онда бұл салада жұмыс жасайтын шетелдік инвесторлар бұл саладан кетіп қалуы ықтимал.

Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік енгізгізетін өзгерістерге тоқталатын болсақ, жаңа талаптарға сай «шетелдік және заңды тұлғалар, сонымен қатар азаматтығы жоқ тұлғалар тікелей немесе жанала түрде жиындық күйі 49 пайыздан асатын дауыс беруші акцияларға ие бола алмайды, пайдалана алмайды.

Бұл өзгерістерді енгізіп, республиканың ақпараттандыру агенттігі ұлттық қауіпсіздік мүддесін қорғауды, отандық инвесторлардың дамуына үлес қосуды және әлемдік тәжірибені енгізуді көздеген. Алайда бұл өзгерістерді отандық компания өкілдеріде қолдамайтынын білдірді.

«Дукат» компаниясының өкілі Марк Сайденфельд: - Шетел инвесторлары Қазақстанның бұл саласына қызығушылық танытып отыр, себебі бұл сала республикада енді ғана дамып келе жатыр. Бұл саланы дамыту үшін айтарлықтай қаржы жұмсалу керек. Ал жаңа өзгерістер енгізілген жағдайда инвесторлар бұл салаға қызығушылық танытпайды.

Енгізілетін жаңа өзгерістерге қарсы болған тұлғалар өз наразылығын білдіріп, мемлекет жетекшісі мен парламент депутаттарына мәлімдеме жасады, осыған орай біз Мәжіліс депутаты Серікболсын Әбділдиннің пікірін білуге тырыстық.

Серікболсын Әбділдин, Қазақстан Парламентінің мүшесі:

- Шетелдік инвесторларды сәл де болса, азайтқан дұрыс.Қазір біздің мемлекетте ақша көп. Ақшаны қайда жіберу керектігін білмей отырған жағдайда шетелден ақша әкеліп, соңынан ол ақшаны белгілі бір пайызбен қайтарудың қажеті жоқ. Сол себептен мен шетелдік инвесторлардың үлесін азайтуды қолдаймын.

Депутат Серікболсын Әбділдиннің пікірі осындай болды,Қазақстан Парламентінің басқа депутаттыры не ойлайтынын телекоммуникациялық сала мамандары біраз уақыт өткеннен кейін білетін болады.
XS
SM
MD
LG