Accessibility links

Қазақстан Демократиялық таңдауы қозғалысы саяси кеңесінің мүшесі Төлен Тоқтасынов Қазақстан Компартиясының хатшылығына сайланды.

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Бейсенбі күні Алматыда Қазақстан Компартясының бірінші хатшысы Серілболсын Әбділдин мен Қазақстан Демократиялық таңдауы қозғалысының төрағасы Төлен Тоқтасынов журналистердің басын қосып, таяуда өткен Компартияның мәжілісіндегі мәселелерді ортаға салды. Күн тәртібіндегі қаралған жәйттердің ішінде жұртшылықтың қызығушылығын тудырған жәйт, Төлен Тоқтасыновтың Компартия хатшылығына сайлануы болды. Ол туралы алдымен Серікболсын Әбділдин айтып өтті. Ұйымдастыру мәселесіне орай Төлен Тоқтасынов бюро мүшелігіне тартылып , әрі Компартя хатшылығына сайланғанын айтты.

Өз кезегінде сөз алған Тоқтасынов алдағы уақытта Мәжіліс депутаттығына сайлауға түсетінін, өзінің сайлаушыларымен тығыз қарым-қатынаста екенін, қайта сайлауға түсу барысында өзінің депутат болатынына сенімді екенін, сол үшін де осындай қадам жасап отырғанын айтты. Сондай-ақ, ол Қазақстан Демократиялық таңдауы төрағасы ретінде жұмысынан ауытқымайтынын, екі бағытта да қызу жұмысқа араласатынын білдірді. Оны Серілболсын Әбділдин де қолдап, өзінің осы тұрғыда жүргізіп келген әрекетімен дәлелдедім дегенді білдірді. Төлен Тоқтасынов келешекте Қазақстан Демократиялық таңдауы қозғалысы саяси партия болып тіркелген жағдайда ондағы азаматтармен де тығыз ынтымақтастықта іс-қимылды одан әрі жалғастыратынын айтты.
XS
SM
MD
LG