Accessibility links

Парламент Сенатынан құрылған жұмысшы тобы Сайлау туралы конституциялық заңға өзгерістерді талқылады


Парламент Сенатынан құрылған жұмысшы тобы желтоқсанның 18-і күні «Қазақстан Республикасындағы Cайлау туралы» конституциялық заңға өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасын қарады. Отырысқа қатысқан тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі қауымдастығының президенті Дос Көшімді, аталған жобаға орай алаңдататын мәселелер бар болып отыр.

- Себебі, көбінесе, Мәжілістің депутаттық жұмысшы тобы құрылып, солар талқылаудан өткізген соң ғана жоғарыға баратын. Бұл жолы екі жақтан да жұмысшы тобы құрылғаны бізді сәл-пәл алаңдатады. Белгілі бір айла да бар секілді. Екіншіден, біздің демократиялық бағыттағы баптарымызды Сенаттың жұмысшы тобы онша түсінбейтіндігін көрсетіп отыр. Себебі олар бұл мәселемен әлі айналыспаған. Біздің айналысқанымызға 4 жылға кетіп барады, - деді ол.

Алайда, Дос Көшім өз тараптарынан болған бірқатар ұсыныстардың үкіметтік жобада ескерілгенін жоққа шығармайды.

Ал, жұмысшы тобының жетекшісі, сенат депутаты Ермек Жұмабаев, жобада демократиялық нормалардың көптігін айтты:

- Бұрын тізімдер әкімдердің қолынан өтетін, қазір біз қатыспау керектігін айтып отырмыз.

Талқылауға саяси партиялардың қатысуын сұрғанымызда Ермек Жұмабаев, қатысушыларға есік ашықтығын айтты. Сондай-ақ оның айтуынша, конституциялық заң жобасына өзгерістерді талқылаудың ерекшелігі бар:

- Конституциялық заң жобасына өзгерістер енгізу кезінде комитеттерде қарамайды. Содан соң әр палата өз жұмысшы тобын құрды. Өйткені, бірлескен отырыста әр жұмысшы топтың қортындысы қосымша баяндамада айтылады.

Осы заң жобасы бойынша Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы желтоқсанның 26-ында өтеді. Онда бірлескен жұмысшы тобы құрылады. Бірақ тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі қауымдастығының президенті Дос Көшім, одан орын тиетіндігінен әзірге күмәнді.
XS
SM
MD
LG