Accessibility links

Кофи Аннан Ауғанстандағы жағдайға алаңдаушылық танытты


Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Кофи Аннан Ауғанстанда қауіпсіздікті арттыруға халықаралық ынта көбеймесе елдегі саяси реформалар тұйыққа тіреледі деп мәлімдеді. Ұйымның арнаулы өкілі Лахдар Брахими Ауғанстанда қауіпсіздік жағдайы қалпына келмесе қызметкерлерімізді қайтаруға мәжбүр боламыз деп мәлімдеген. Кофи Аннан бұл сөздің жаны бар деп сипаттады. НАТО бастаған халықаралық бітімгершілік әскері қызметін Қабулдан тыс кеңейтуге өкілеттік алғаны белгілі. Алайда, мұны іске асыруға көптеген мемлекет ынта танытпай отыр.
XS
SM
MD
LG