Accessibility links

АҚШ соттары Джордж Буш әкімшілігіне талап қойды


Америка Құрама Штаттарының соттары Гуантанамо түрмесінде отырған американдық азаматтар қысым көрді, Джордж Буш әкімшілігі құзырын асыра пайдаланды деп тапты. Атап айтқанда, "Әл Қаида" террорлық ұйымына қатысты деген айыппен былтыр Хосе Падилла деген американдық азамат тұтқындалды. Президент Буш бұл азаматты әскери тұтқын ретінде тергеуге рұқсат етіпті. Нью-Йорк соты бұл азаматты әскери сот емес, қарапайым сотқа тапсыруды бұйырды. Сан-Франциско соты Гуантанамо тұтқындары АҚШ заң жүйесі бойынша тергелсін деп бұйырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG