Accessibility links

Ресейдің НТВ телеарнасы Қазақстанда

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Ресейдің НТВ телеарнасы Қазақстанға жаңа ғана келген жоқ. Жеті жылдан астам уақыттан бері кабельдік жүйе арқылы Қазақстанға енген болатын. Ендігі жерде бұл телеарна жаңарған түрде хабар таратуды кеңінен жалғастырмақ ниетте. Ондағы мақсат - ТМД елдері мен әлемдегі ақпаратты Қазақстанға тарату, дейді НТВ телеарнасының басшылары жұма күні Алматыда журналистердің басын қосып.

- Бұдан былай НТВ телеарнасының хабарлары «НТВ Қазақстан» деген атпен республика территориясына таратылмақ. Онда әрине, жергілікті аймақтардың ақпараттарын қамти отырып, ҚР заңдарына сәйкес жұмыс істейтін болады деді,- «Известия-Қазақстан» газетінің бас редакторы, НТВ телеарнасының Қазақстандағы өкілі Евгения Доцук.

Ресейдің НТВ телехабарларын тарату шарасына орай Алматыға келген телеарнаның бас директоры Николай Сенкевич, және екі орынбасары Игорь Гойберг пен Артем Воскобойниковтар жұма күні өз мақсаттарын ортаға салды.

НТВ Қазақстан телеарнасының тіркелуі шарасынан бастап, телeхабар тарату жиіліктерін жеңіп алу тендеріне қатысуды көздеп отыр. НТВ телеарнасының бағдарламасы әлемдегі ең үздік халықаралық телевизиялық арналардың бірі деп танылғандығы айтылды.

НТВ телехабарларының мемлекеттік тілде таратылуы қандай болмақ?

- Біз ТМД елдерінің бәріне және 20 шақты шетелдерге хабар таратамыз. Біз қай елде болса да сол мемлекеттің заң нормаларын сақтай отырып хабар таратамыз, - деді НТВ бас директоры Сенкевич.

НТВ телехабарларының 20 проценті ретрансляция, яғни Ресей хабарлары болады, қалған хабарлар келісімге сай жүргізіледі, қажет болған жағдайда тапсырыс бойынша хабар таратылады. НТВ Қазақстан әлі хабар тарата бастаған жоқ, сондықтан әзірге «Рахат» телеарнасындағы бағдарламалары жалғаса береді. Алайда жақын арада жаңа деңгейде өз алдына xабар таратуды бастайды, дегенді айтты НТВ бас директорының орынбасары Артем Воскобойников.

Телехабар таратуға орай тендер келесі аптада өткізіледі. НТВ телеарнасы арқылы мемлекеттік, яғни қазақ тілінде де Қазақстан заңы бойынша хабар тарату жүргізіледі. НТВ басшыларының айтуынша, онда да осы мемлекеттің заңы қатаң сақталады. Демек, қазақ тілінде 50 процент хабар беріледі, - дейді НТВ бас директорының орынбасары А.Воскобойников.
XS
SM
MD
LG